Лекция 15
Тақырыбы: Терiнiң құрылысы мен қызметi, жас
ерекшелігі. Терінің қорғаныш қызметі. Теріге ерекше
кұтім жасау ережелері. Шаш пен тырнақ гигиенасы.
Осы келтiрген мәлiметтерден балалардың
жылу жоғалтуы ересектерден жоғары болатынын көремiз.
Жылудың көп берiлуi, көп шығарылуды талап етедi. Жылу
алмасу процессi балаларда Ұзақ уақыт дамып қалыптасады. Ол ересекше толық қалыптасу 9
жаста ғана жұзеге асады.
Өмiр
бойы терiдегi тер бездерiнiң саны өзгермейдi. Тек олардың
көлемi Ұлғайып, секрет бөлу қызметi артады. Саны
өзгермейтiн болғандықтан балалар денесiнде тер
бездерiнiң орналасуы тығыз болып келедi. Бiрдей терi ауданында балалар тер бездерi саны ересектермен салыстырғанда
10 есеге жуық көп болады.
Тер бездерiнiң морфологиялық
дамуы 7 жастарында аяқталады. 4 апта дегенде балалардан
тер шыға бастайды. Тер шығаратын бездер саны алғашқы екi жылда
байқалады. Алақаннан тер шығу
максимумы 5-7 жаста жетедi,
артынан бiртiндеп төмендейдi.
Жасына қарай май бездерiнiң де секрет қызметi өзгередi. Ол бездердiң
активтiлiгi туардан алдын қарқынды дамиды. Ол баланың
босануына жағдай жасайды. Туғаннан кейiн оның
қызметi бәсеңсидi
де тек жыныстық жетiлуге
байланысты қарқынды
қызметке көшедi.
Кiр терi бездерiнде
iрiңдер пайда болады, терiнi қышытады, шаш тұсiп инфекция
кiруiне жол ашады. Кiр терiнiң
бактерицидтiк қасиетi таза терiлерден 17 есеге дейiн
төмендейдi.Осындай бактерицидтiк қасиеттер ауыз қуысы, тыныс
жолдарында, ас қазан-iшек тракты мен зәр шығару жолдарында да
олар шығаратын лизоцимге, басқа да заттарға байланысты
болады.
Жуылмаған
қол арқылы неше тұрлi инфекциялар берiледi.°р тұрлi
iшекқҰрттар жҰғады. Жылы сумен сабындап жуыну терiнi
жҰмсартып, iстен шыққан терi эпителий беткi қабаттарынан жақсы
тазартады.
Әр
жуынғаннан кейiн қолды жақсы қҰрғатып
сұрту керек. Олай етпегенде қол жарылып, бөртiп кетедi. °р
баланың қолын, бетiн, аяғын сұртетiн
бөлек-бөлек сұлгiлерi болуға тиiс. Ортақ сұлгiлер де инфекция
көзi болып табылады. Гигиена
талабының бiрi апта сайын жылы сумен шомылып, iш киiмдерiн ауыстыру.
Жатын төсекқаптарын әрбiр екi апта сайын ауысиырып отыру
керек.
Балалардың
аяғы шуаш болмауының
бiрқатар алдын алу шаралары бар. Шуаштанудың басты себептерi
аяқтарын жумау, жуса да сирек жуу, аяғы шектен тыс қызып
кету, резеңке аяқ киiмдердi
Ұлтарақсыз кию т.с.с.
Аяққа дҰрыс қарау шуаштың жойылып кетуiн
қамтамасыз етедi. Ол бiрiншiден кұнiне аяқты жылы сумен, артынан
салқын сумен жуу. Егерде ол бҰдан кейiн де кетпесе ол басқа
бiр ауруға байланысты болуы мұмкiн. Ондайда кешiктiрмей
дәрiгерге көрiну керек.
Бас
пен шашқа да тҰрақты тұрде қарау керек. Ол
ең бiрiншi бас пен беттен майдың көп шығуына
байланысты. Бас кiрлеп кетсе, оның биттеп, басқа да терi
ауруларының пайда болуы ықтимал. Ол басты қышытып, шаш
тұсе бастайды. Шаш майлы болғанда әрбiр 5-6 кұнде,
қҰрғақ шаштарды 10-12 кұнде жуып тҰру
керек. Басты жуғанда тҰщы сумен жуған дҰрыс,
мұмкiндiк болса кермек суға бiр қасық ас содасын салып
жуған дҰрыс. Майлы шашты арнайы шампунь, сабындармен жуған
дҰрыс.
Әр
бала тек өз тарақтарын пайдаланған жөн. Майда тарақпен алдымен жай тарақпен
тарап алып барып тарау керек.
Майда тарақтардың
Ұшы шектен тыс өткiр
болмаған жөн. Ол басты жырып
кетпеу керек. ТҰрақты тұрде
бас киiм киiп жұру, орамал тартып алу шашқа керi әсер етедi.
Оқытушылар практикаға, экскурсияларға барғанда
баратын фермалардың ауру-сырқаудан аман екендiгiн алдын-ала бiлiп
алулары керек.
Терiге
қарауға мән бермеу оның қорғаныс
қабiлетiн төмендетедi. Оның кiрлеп, микробтар мен
қышыма ауруларының пайда болуына жағдай жасалынады.
Терiде iрiңдер пайда болуы.
Ол коккалардан, әсiресе жиi стрептококка мен стафилококкадан пайда
болады. Оның болдырмау ұшiн жеке гигиенаны сақтаумен бiрге
жырып кеткен, сырып кеткен жердi уақтылы
дәрi-дәрмекпен өңдеу керек. Зарарсыздандыратын сҰйықтармен,
1%-тiк зеленка ерiтiндiсiмен өңдеу керек. Ондай баланы топқа қоспай, жеке
емдеу қажет. оларды уақытша шомылдырмай, жазылғаннан кейiн
дәрiгер анықтама бергеннен кейiн ғана сабаққа
жiбередi.
Қышыма. БҰл жҰқпалы ауру. Оны тудыратын
қышыма кенелерi. Ол балалар мекемелерiнде, мектеп интернаттарда жаппай
ауру тудыруы мұмкiн. Іышыма кене терi астына енiп, сонда тiршiлiк
жасайды, көбейедi. Ол өте қатты қышытады. Балалар
қасынып, терiнi қанатып жiбередi. Іанаған жерге қосымша
бактериялар да енедi. Оны балалар қотыр жануарлардан, басқа да ауру
кiсiлерден жҰқтырады. Іотыр
болған балаларды жеке изоляторларда емдеп, жазылғаннан кейiн
ғана топқа қосады. Олардың жеке
қҰрал-саймандары мен киiмдерiн дезинфекциялап,
қайнатады. Басқа онымен
контактыда болған балалардың барлығын профилактикалық
бақылау-зерттеуден өткередi.
Дерматомикоз. БҰл терiнiң
саңрауқҰлақтар (таз-парша, темiреткi-стригущий лишай)
тудыратын аурулары. Жоғарыда аталған ауруларды әртұрлi
типтегi саңрауқҰлақтар тудырады. Парша тудыратын
саңрауқҰлақтар бастың шашы бар жерiнде, беттi де,
тырнақты да зақымдайды. Онымен көбiне балалар мен
жасөспiрiмдер ауырады. Онымен жануарлар мен қҰстар да
ауырады. СаңрауқҰлақ шаш тамырына енiп, шашпен бiрге
өсiп шығады. Зақымданған ашштың тұсi
Ұн сеуiп қойғандай, реңсiз болады. Оңай
тарағанда жҰлынып тұсiп қалады.
Темiреткi.- Стригущий лишай-трихофития. Темiреткi мысыққа,
итке, сиырға, қҰсқа шығады. Балалардың темiреткi
шашына, бетiне, тырнақтарына шығады.
СаңрауқҰлақ ауруларымен
ауырған балалар қашан жазылғанша топқа қосылмайды.
Ауру балада анықталғанда
оның бар жанҰя мұшелерi дәрiгерлiк
бақылаулардан өтуi
керек.
Эпидермофитияның алдын алу - жеке гигиена талаптарын орындау. Ауруға кұдiк туса баланы дереу дәрiгерге жiберiп, тексерту керек. Көпшiлiк тұсетiн бассеинде болған балалр шынығудан кейiн (после тренировки) аяқтарын
мҰқият жуып, саусақтарының арасын әбден қҰрғата сұртiп, одеколонмен, спиртпен сұртiп, йод жағып қойған жөн. Монша, бассеин, душтар аудандық санэпидстанса тарапынан бақылауда болу керек.
Бақылау
сұрақтары
1. Терiге, тырнаққа,
шашқа қарау
2. Терiнiң қҰрылысы мен қызметiнiң жас
ерекшелiктерi
3. Теріге ерекше кұтім жасау ережелері
4. Терi ауруларының алдын алу.
5. Терiде iрiңдер пайда болуы.
Әдебиеттер
1.Алиакбарова
З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ.
1985 .
2.Алиакбарова
З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және
мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.
3.Сатпаева Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы
ғылым. Алматы.Ғылым ,1999